Біздің миссиямыз:
- сапалы және уакытылы медициналық көмек көрсету;
- инфекциялық және инфекциялық емес аурулардын алдын алу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаларын насихаттау.
Біздің мақсатымыз:
- науқасқа және оның мүдделеріне назар аудару. Пациенттерге қызмет көрсету, сапа, қауіпсіздік және сенімділік қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- халыққа тікелей емханада және үйде білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- қызмет көрсету аймағында тұратын , сондай-ақ еншілес өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтін халықтың аурушаңдығын,мүгедектігін және өлімін төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халықты (дені сау және науқастарды) ,әсіресе жасөспірімдерді ,өнеркәсіптік кәсіпорындар мен құрылыс алаңдарының жұмысшыларын,жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа да аурулармен ауыру қаупі жоғары адамдарды медициналық тексеруді ұйымдастыру және өткізу;
- салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.














