20 шілде 2022 жылы ШЖҚ «Қарғалы қалалық ауруханасы» МКК базасында обаға күдікті науқас анықталған

кезде өз-ара іс-қимыл жасайтын қызметтермен бірлескен оқу-жаттығу өткізілді. Аталған оқу жаттығуға Ақтөбе облысының обаға қарсы күрес станциясы, Ақтөбе қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және «Ұлттық сараптама орталығы» Ақтөбе облыстық филиалымен бірлескен іс-қимыл жүзеге асырылды. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес шартты науқас шағымдарымен аурухананың қабылдау бөліміне жүгіну барысында анықталды. Шалқар ауданынан Ақтөбеге қаласына келген аса қауіпті инфекциясына күдікті шартты науқасқа қатысты эпидемияға қарсы шұғыл шаралар жүргізу жұмысы жүргізілді. Жаттығу жұмысына қосымша аурухананың тиісті мамандары мен қабылдау бөлімінің және жедел жәрдем мамандары жұмылдырылды. Жаттығу жұмысын аталған мекемелер тарапынан құрылған комиссия бағалады.