10.10.2022 жылы М.Мақатаев атындағы №73 орта мектебі 9-11 сынып оқушыларының арасында Қарғалы қалалық ауруханасы негізінде құрылған "Жастар" жастар денсаулық сақтау орталығы қызметкерлері ұйымдастыруымен "Электронды темекі және синтетикалық есірткілерді шегудің зияны" атты тақырыпта ақпараттық түсіндірме жұмыстары өткізілді. Шара барысында мектеп оқушыларына қазіргі уақытта көп қолданысқа ие зиянды әдеттер жайында баяндама жасалып, психологиялық тренинг жасалды. Шара соңында дәрігерлер оқушыларға Салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылданып, денсаулықтарын сақтауға шақырды!