25 қазан-Республика күні қарсаңында облыстық денсаулық басқармасы Орталық базар алдында «Денсаулық автобусы» атты
акция ұйымдастырды. Мұнда ақтөбеліктер мен қала қонақтары Қарғалы қалалық ауруханасының кардиолог, эндокринолог, терапевт, оториноларинголог дәрігерлерінен және профилактика бөлімшесінің мамандарынан тегін кеңестер алды.Сонымен қатар, қала тұрғындары қан қысымын өлшетіп, ЭКГ-электрокардиографияға, флюорографияға түсіп, қандағы қант мөлшерін тексертуге мүмкіндік алды. Профилактика бөлімшесінің мамандары халықты салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығына жауапты қарауға шақырды.