"Геолог" мәдениет үйі қызметкерлері арасында маусымдық жедел респираторлық вирустық
инфекцияларының алдын алу жолдары және тұмауға қарсы вакцинация тақырыбында кездесу өткізілді. Профилактика және диспансеризация бөлімшесінің дәрігері Б.К.Сарсембаева тұмаудың клиникалық белгілері, асқынулары және тұмауға қарсы екпе алудың маңыздылығы жайлы ақпарат берді.