Қарғалы қалалық ауруханасы ұжымында ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту, түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Түсіндіру жұмысы азаматтарды мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдерін іздеу қажеттілігінен қорғауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, аудиторияға 1424 бірыңғай колл-орталығының жұмысы туралы ақпарат жеткізілді. Комплаенс қызметі бойынша жауапты тұлға Демеубаева С.Т. сыбайлас жемқорлыққа қарсы баяндама оқып, әдеп кодексінің талаптарын естен шығармауды, және жұмыс барысында қолдануды ұсынды. ҚР Еңбек кодексіне Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды.