Скрининг – ауруларды ерте кезеңде анықтауға арналған маңызды тексеру түрі. Көптеген аурулар бастапқы сатысында ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Сондықтан уақытылы скринингтен өту – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолдарының бірі.
Ерте анықталған ауруды емдеу әлдеқайда жеңіл және нәтижелі болады. Скрининг тек ауруды табу үшін ғана емес, оның алдын алу, асқынуларға жол бермеу үшін де қажет. Бұл – әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігінің белгісі.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз – уақытылы тексеріліп тұрыңыз.
Ерте диагностика – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі!










