Дүниежүзілік денсаулық күні аясында білім беру ұйымдарында оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы орайда «Мен таңдаған жол» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Атап айтқанда, 8-сәуір күні Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназияда аталған тақырыпта танымдық әрі тәрбиелік мәні зор ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және дұрыс өмір салтын таңдаудың маңыздылығын ұғындыру болды.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, «Мен таңдаған жол» тақырыбында пікір алмасты. Түрлі сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар және шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар, денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысудың пайдасы туралы құнды ақпараттар берілді.