ШЖҚ «Қарғалы қалалық ауруханасы» МКК-де Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары бойынша бас дәрігердің орынбасары Сейтмухамбетов М.Р. төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында «Адалдық сағаттары» дөңгелек үстелі өтті. Күн тәртібіндегі тақырыптың мақсаты: қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін арттыру; ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге аурухананың қызметкерлері әкімшілік қызметкерлері, дәрігерлер мен медбикелер, кіші қызметкерлер қатысты.
Аурухана заңгері «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында баяндама оқып өтті. Сұрақ-жауап қойылып аудитория қатысушыларымен «Сыбайлас жемқорлық» - деген не? Жемқорлықтың пайда болуымен күресу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамасына түсінік беріліп, және науқаспен жұмыс жасайтын дәрігерлер мен медбикелерге ситуациялық сұрақтар қойылып, талқыланды.