29.10.2022 жыл.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында, Қарғалы қалалық ауруханасының мамандары

НұрАқтөбе тұрғын массиві 1-мөлтек ауданында орналасқан Дина супермаркетінің жанында тұрғындарға тұмауға қарсы екпе егуде. Екпені тұмаудың эпидемиологиялық маусымы алдында- 15 қарашаға дейін алған дұрыс, себебі жұқпалы аурудың маусымы басталардан бұрын 14 күнде тұмауға қарсы иммунитет қалыптасып үлгереді. Сондықтан, құрметті тұрғындар тұмауға қарсы екпені уақытында алып, аурудың алдын алайық. Өз денсаулығымыз өз қолымызда!