Іс-шара барысында келушілерге туберкулез ауруының жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Дәрігер фтизиатор Ф.Ж.Муканова тұрғындарға кеңес беріп, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Акция барысында тұрғындар сақтандыру статусына қарамастан тегін флюрографиялық тексерістен өтті.
Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы тексеруден өтуі маңызды. Ерте анықталған ауру – толық емделудің кепілі!