Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының 20.08.2015ж. №153 ө-§ 3 «Тіл айлығын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес мекемеде 2015 жылдың 16 қыркүйегінде «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты мерекелік шара өткізілді, «Асыл мұра» атты көрініс көрсетілді.


Тіл айлығының қорытындысы бойынша мекеме бас дәрігері Сәкен Тәжігерейұлы Қапанов «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің атынан 25.09.2015 ж.Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне байланысты мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.