2016 жылдың қыркүйек айының 20 күні мекемемізде 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Ана тілім – мақтанышым» атты мерекелік кеш өткізілді.

 

Кешімізді бас дәрігеріміз Алтынбек Жалғасбайұлы Жаңабаев құттықтау сөз сөйлеп, баяндама оқыды.

 

Тақырыпқа сай өзге ұлт (неміс, корей, орыс, түркімен) өкілдерінің қатысуымен өлеңдер оқылып,жеке орындауда домбырамен ән айтылып, би билеп қатысушы қызметкерлер өз өнерлерін ортаға салды, «Әке аманаты» атты сахналық көрініс көрсетілді.

 

 

Сондай-ақ кешіміздің қонағы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының тілге жауапты маманы Роман Рахиұлы Рахиев қатынасты.

 

Қатысушалар сыйлықтармен марапатталды.