27-ақпанда №60-жалпы білім беретін орта мектепте екпеден бас тартқан ата –аналармен дөңгелек үстел басында кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар-мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен Қарғалы қалалық ауруханасының дәрігерлері мен психолог маманы екпенің маңызы жайлы, жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген жағдайда неге әкеліп соғатыны туралы түсіндіріп айтты. Не себептен егілмеу себептерін біле отырып, олардың сұрақтарына жауап берді.