«Қарғалы қалалық ауруханасына» көптеген адамдар сырқатына дауа іздеп келетіні айқын. Ауыр да қиын еңбек иегерлері — дәрігерлердің науқастардан алғыс алып жататын кездері де аз болмайды. Жазушы-сатирик, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ардақты ақсақал Төрежан Мәндібай ағамыз да шынайы ризашылығын танытып, газет арқылы адам жанының арашасысы ақ халатты жандарға алғысын білдіріпті.