Қарғалы қалалық ауруханасының дәрігерлері Ақтөбе қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен бірлесіп эпидемиялық маусымның алдында ауруханаға қарасты мекеме ұжымдарында семинар сабақтарын өткізді.

 

Қызылжар, Благодар, Пригород орта мектептерінің, №4 «Аққу» бала бақшасының, Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжінің ұжымымен кездесіп, тұмаудың алдын алу жолдарын түсіндірді.