Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммналдық кәсіпорынның емханасы, стационар, және басқа да құрылымдық бөлімшелерінде 30 маусым 2023 жылы, 01 шілде 2023 жылы қызметкерлерді алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертіп, алаяқтардан сақтану, құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, Бас прокуратураның бастамасымен «Алаяқтыққа қарсы күрес» жобасының іске асырылуына байланысты, Облыс прокуратурасының кешенді жоспарына сәйкес «Абайлаңыз алаяқтар» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудиторияға алаяқтық туралы бейнероликтер ұсынылды.

Ауруханаға келетін емделушілердің назарына, алаяқтардан сақтау мақсатында, күту залында алаяқтар туралы бейнероликтер көрсетілімге орналастырылды.