Әлеуметтік  аурулардың алдын алу мәселесі бойынша  өңіраралық  қарым қатынасты нығайту аясында Орынборлық  дәрігерлер Ақтөбелік дәрігерлерге «Денсаулық эстафета» акциясының жалғасуына және губернаторлық ақпараттық алдын алу «120\80-ге»  акциясы жобасының өткізілуіне сертификат табыстады. Сонымен қатар, ақтөбеліктерге «Денсаулық эстафета» акциясының негізгі  қатысушыларының  атрибутикасы бейнеленген жалау тапсырылды. Осыған орай, аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Ақтөбе қаласының №60 жалпы білім беретін орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Б.Ж. Нуртазинаның,  4 «В» класс жетекшісі  Ж.М.Селбаеваның, мектеп медбикесі А.С. Утаеваның және Қарғалы қалалық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері  Б.К.Сарсембаеваның ұйымдастыруымен ,  4 «В» класс оқышылары арасында флеш-моб өткізілді.